Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 12 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,4↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты • Мария Севостьянова Парижде таеквондодан Гран-при қола жүлдесін жеңіп алды • Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне билет шамадан тыс сатылып, 18 жастағы қыз зардап шекті • «Яндекс» ақауынан кейін inDrive бағасы үш есеге өсті • Ыстық шай өңеш обыры қаупін арттырады – Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады • Қостанай облысында 8 миллион теңгенің бидайы ұрланды • Ғалымжан Балабек Ташкентте 400 метрге еркін әдіспен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартты •

    «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында ене болудың оңай емес екенін айтып, оқырмандарынан кеңес сұрады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    «Ене болу қалай екен? – дейсіздер. Ене қандай болу керек екенін ене болғанда айтамын дейтінмін. Қазір де нақты айта алмаймын. Маған енеден гөрі ана болу оңайырақ әрі жеңіл сияқты. Жас енелерге лайфхак: ене бола алмай, қалай ене болам деп жатсаңыздар, жай ғана «Мама» бола салыңыздар. Жеңіл болады. Осында ене болған аналар болса, кеңестеріңізді жаза отырыңыздар!» – деп жазды әнші.

    Жазбаның астына оқырмандар да өз тәжірибелерімен бөлісіп, Жазира Байырбековаға түрлі кеңес қалдырды.

    «Бәріне көз жұмып, өзің істеп жүре бересің», «Сабыр керек», «Саналы келін өзі-ақ алып кетеді», «Сен ене емес, ана болу үшін ол да анасындай көру керек», – деп жазды желі қолданушылары.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →