Бүгін, 11 қаңтарда, Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы тағы да өзгерді. АҚШ валютасын сату бағамы 517 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Алматыдағы орташа бағам мынадай:
Доллар: сатып алу – 512,05 теңге, сату – 514,70 теңге;
Еуро: сатып алу – 594,18 теңге, сату – 599,63 теңге;
Рубль: 6,29 — 6,46 теңге аралығында.
Астанадағы ақша айырбастау бекеттеріндегі бағам:
Доллар: сатып алу – 510,00 теңге, сату – 517,00 теңге;
Еуро: сатып алу – 593,00 теңге, сату – 603,11 теңге;
Рубль: сатып алу – 6,29 теңге, сату – 6,65 теңге.
Шымкент қаласындағы жағдай:
Доллар: сатып алу – 511,80 теңге, сату – 514,23 теңге;
Еуро: сатып алу – 594,67 теңге, сату – 600,33 теңге;
Рубль: сатып алу – 6,33 теңге, сату – 6,42 теңге.
9 қаңтардағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,98 теңгеге өсіп, 509,94 теңгені құраған болатын. Ұлттық банктің демалыс күндеріне белгілеген ресми бағамы: 1 доллар – 509,94 теңге, 1 еуро – 593,88 теңге, 1 рубль – 6,43 теңге.
