Полиция көлігінің дөңгелегін жарып тастаған Шерзаттың әкесіне қатысты іс жабылды
Ұлынан айырылған Қаржаубай Нұрымовқа полиция көлігінің дөңгелегін жарғаны үшін қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Адвокат істің жабылғанын растады.
Ұлынан айырылған Қаржаубай Нұрымовқа полиция көлігінің дөңгелегін жарғаны үшін қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Адвокат істің жабылғанын растады.
Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай бастапқыдан-ақ қандай да бір қаржылай өтемақыға қызықпағанын айтып, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұраған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев айтты. «Маған ақша керек емес. Баламды қараламаса болды. Менің аманатым сол еді», – деген Қаржаубай мырза тергеу кезінде күдіктілер тарапынан ұсынылған ақшадан бірден бас тартқан….
Шерзат Полаттың қазасына байланысты Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Дархан Әскентай сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. Ол Шерзат Полаттың өліміне оның әкесі Қаржаубай Нұрымовты дәл өзі сияқты кінәлі деп санайды. «Шерзаттың жатқан жері жайлы болсын, жақындарының қайғысына ортақпын. Құрметті сот, менің сол жерде болғаным және досыма хабарласқаным…
Сот отырысында марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер Самат Абдықадыр арасындағы тергеу барысындағы беттестіру кезінде түсірілген видео көрсетілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Видеодан Қаржаубай Нұрымов оқиға болған күні төбелеске қатысушыларға Самат Абдықадырдың нұсқау беріп, «делайте» деп айтқанын айтты. «Дүкеннің алдында төбелес басталмас бұрын, Нұрбол мен Дархан дегендер жігіттерін шақыра бастаған. Сол…
Талғарда бір топ қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Қазақстаннан көшуден басқа амалы қалмағанын айтып, халыққа видеоүндеу жасады. Ол ұлының өліміне қатысты әділ шешім шықпайтынына көзі жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq.today хабарлайды. Фото: Видеодан скриншот Қаржаубай Нұрымов өз сөзінде: «Бір ғана өтінішім бар, қазақ елінде ешқандай қан төгіс болмасын. Тоқаев мырзадан…