Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • АҚШ-та балықшы бір жазда 58 миллион теңге тапты • Шымкенттегі Қайрат Нұртас концертіндегі қысылысқа Freedom Афиша түсініктеме берді • Астаналық әйел маркетплейс арқылы алдап, 6 жылға сотталды • АҚШ-тағы 108 жастағы қария ұзақ өмір сүру құпиясымен бөлісті • Астанада маркетплейс сабағы деген желеумен 15,6 млн теңге жымқырған әйел сотталды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды •

    Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін сынға жауап берді

    Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін әлеуметтік желіде сынға жауап беріп, жеке өміріне араласпауды сұрады.

    Тележүргізуші Анна Данченко анасының қазасынан кейін сынға жауап берді

    Сурет: Әлеуметтік желіден

    Тележүргізуші Анна Данченко анасы қайтыс болғаннан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, өзін сынағандарға жауап қайтарды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ол жазбасында жеке өміріне араласып, ақыл айтқандарға ренішін білдірді. «Байға тиіп, бала туғаныңызда жеңіл болушы еді» деп жазатындарға: «Өздеріңізге Құдайдың рөлін алмаңыздар! Менің басымнан не өткенін білмейсіздер. Мені енді қинамаңыздар! Мен онсыз да әрең жүрмін, мұнда мені ұстап тұрған ештеңе қалмады», – деді ол.

    Тележүргізуші ата-анасы берген тәрбиенің өзіне жеткілікті екенін айтты. «Ақылдарыңызды өз балаларыңызға айтарсыздар. Әке-шешемнің тәрбиесі маған жетеді, шүкір! Алланың жазғаны осы болса, әкеме де, анама да жылап қарауға ойланбастан келіскен едім, тек олар жанымда болса болғаны», – деді ол.

    Ол сондай-ақ «ауылдан көшіріп әкелмеу керек еді» деген пікірлерге жауап берді: «Олар көшіп келген жоқ. Мен үй алып берсем де, олар келмес еді. Әкем ауырып, Алматыға емделуге келіп, төрт айдан кейін қайтыс болды. Анам менің қасымда қалды. Әлде жалғыз өзін Аралға жіберуім керек пе еді?»

    Соңында Анна Данченко оқырмандарын пікір жазбас бұрын ойлануға шақырды: «Маған бірдеңе жазбас бұрын ойланыңыздар! Ал айтар сөзіңіз болмаса, үндемегеніңіз дұрыс!»

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →