Амал келді, жыл келді: 14 наурыз – Көрісу күнінің мәні неде?
14 наурыз – Амал мерекесі немесе Көрісу күні. Бұл – Наурыздың бастауы саналатын, өкпе-ренішті ұмытып, амандық-саулық сұрасатын ерекше күн.
14 наурыз – Амал мерекесі немесе Көрісу күні. Бұл – Наурыздың бастауы саналатын, өкпе-ренішті ұмытып, амандық-саулық сұрасатын ерекше күн.
Амал мерекесі құтты болсын! Көрісу күні құшағымыз айқара ашылып, ағайынның амандығын біліп, жақындарымызбен қауышар күндеріміз көп болсын! Көрісу күні құт әкелсін! Ағайын-туыстың арасындағы сыйластық пен бірлік арта түсіп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Амал мерекесі – береке мен бірліктің бастауы! Бүгінгі Көрісу күні ақ ниетпен қол алысып, араларыңыздағы реніштер ұмытылып, жүректеріңіз жылулыққа толсын! Көрісу күнімен…
Фото: astanatv.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. «Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!», – деп жазды Президент Х парақшасында.