UFC: Асу Алмабаев төрешілер шешімімен қарсыласын жеңді
Фото: instagram.com/ufc Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-3-0) Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында UFC турнирінде шаршы алаңға көтеріліп, қарсыласынан басым түсті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Айта кетерлігі, бұл Асу Алмабаевтың UFC турниріндегі алтыншы жекпе-жегі. Ол осыған дейін төрт айқасында жеңіске жетіп, соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан болатын. —…
