Бокстан Әлем чемпиондары Астанаға оралды

Фото: Динара Акылжанова / Kazinform Бүгін Қазақстан астанасына бокстан әлем чемпиондары Санжар Тәшкенбай мен Айбек Оралбай, сондай-ақ ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов келіп жетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Kazinform-ға сілтеп.  Әуежайда спортшыларды олардың отбасылары, достары мен жанкүйерлері күтіп алды. Қуанышқа толы кездесу бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды: жанкүйерлер боксшыларды құттықтап, суретке…

Толық оқу

Ризабек Айтмұхан еркін күрестен әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды

Фото: ҰОК Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы белдесуінде ол ресейлік Магомед Курбановпен күш сынасты. Кездесу 5:4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Начын Куулар (65 келіге дейін) қытайлық Тао Вэйді ұтып, әлем чемпионатын жеңіспен бастады.  

Толық оқу

«Бір адамға екі билеттен артық сатылмайды»: «Қайрат» ФК маңызды мәлімдеме жасады

Фото: ФК «Қайрат» Чемпиондар лигасының билеті туралы ресми ақпарат шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  «Қайрат» ФК УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі өз алаңындағы матчтарға билет сату тәртібі мен мерзімдерін жариялады. Билеттер 23.09.2025 жылы сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір адамға екі билеттен артық берілмейді. Билет бағасы 30 000 — 250 000 теңге аралығында болады.  …

Толық оқу

Айбек Оралбай атақты екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

Фото: ҰОК Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалына өтті.  Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хулио Сезар Ла Круспен (Куба) өзара мықтыны анықтады. Айбек Оралбай алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Екінші және үшінші кезеңде басымдығын сақтап қалған жерлесіміз жеңіске жетті. Осылайша, Айбек…

Толық оқу

Назым Қызайбай жартылай финалға шықты

Фото: ҚБФ Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының ширек финалында украиналық былғары қолғап шебері Анна Охотамен жекпе-жек өткізіп, қарсыласынан басым түсті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.  Осылайша отандасымыз Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Айта кетейік, бұған дейін 8 боксшымыз жартылай финалға шығып қойған болатын. Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке…

Толық оқу
Яндекс.Метрика