Ақмарал Науатбек Қазақстан қоржынына алтын медаль салды
Финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсті Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. «Ақмаралды Паралимпия ойындарының чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Отандасымыз финалға дейін барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, финалда жарыс қожайынын сан соқтырды….
