«Ауыл балалары шаңда, жол жиегінде доп теуіп жүр»: кандидат Данияр Қасқарауов 200 мыңнан астам сайлаушымен кездесті

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Данияр Қасқарауов сайлаушылармен кездесіп, ауылда қордаланған проблемаларды шешудің жолын айтты. Ол осы уақытқа дейін Алматы облысындағы төрт ауданның тұрғындарымен кездесіп, сайлаушылардың пікірін тыңдады, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Кандидат өзінің сайлауалды бағдарламаларымен де халықты таныстырды. Қасқарауов ауылдық жерлердегі көптеген мәселелерді шешу үшін сайлауалды бағдарламасын алты топқа бөліп көрсеткен. Ол ауылдағы…

Толық оқу

Алматы облысында мектептен шыққан оқушы тоққа түсіп қайтыс болды

Алматы облысында мектеп оқушысы пойыздың тоғына түсіп қайтыс болды. Жоғары вольтты тоққа түскен оқушының денесі күйіп кеткен.Бала оқиға орнында бірден қайтыс болып кеткен. Мектептен кеш шыққан оқушы үйіне қайтарда пойыз жолының бойымен жүрген. «3 наурыз күні сағат 21.30 шамасында Боралдай кентінде оқушы теміржолда тоққа түсіп қайтыс болғанын хабарлайды. Оқыс оқиға Қарасай ауданына қарасты 71 разъезд…

Толық оқу

Алматы көшелерінде автобустар батпаққа батып жатыр (видео)

Алматыда қоғамдық көліктер батпаққа айналған жолға батып, жүре алмай жатыр. Батпаққа батқан автобустарды шығару үшін адамдар арнайы техника шақыруға мәжбүр болған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігінің тілшісі. Ал жолаушылар батпаққа толы аялдамада тұруға мәжбүр.  Қаланың «Нижняя Пятилетка» шағын ауданындағы тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған. Зенькович, Бесембаев және Бартольд көшелерінде жолдар апатты жағдайға айналған. Көшелер балшық пен шалшыққа…

Толық оқу

Күдебаевтың ұлы Президентке бейнеүндеу жасады

Генерал Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов Президенттен араша сұрады. Ол әкесінің елдің тыныштығын сақтауда еткен еңбегі аз емес деп санайды. Үндеуде генерал Күдебаевтың еңбек жолындағы жұмыстарын еске салып, көмек қолын созуды сұраған.  «Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы! Мен «Қаңтар оқиғасына» қатысты Алматы облыстық сотында үстінен нақақтан іс қозғалып жатқан генерал Серік Күдебаевтың ұлымын. Тәуелсіз Қазақ Елінің келешегін…

Толық оқу

Парламент Мәжілісіне кандидат Саят Нюсупов су басып қалған ауылға барды  

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Саят Нюсупов су басып қалған ауылға барды. Жетісу облысында бүтін ауыл тұрғындары үйлерінен шыға алмай қалды. Кербұлақ ауданы Қызылағаш ауылын  екі күннен бері ағын су басып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Екі күннен бері судың астында қалған ауыл тұрғындарына Саят Нюсуповтың сайлауалды үгіт-насихат тобы көмек көрсетуге барды. Тіптен үйі мен…

Толық оқу
Яндекс.Метрика