Ирандағы қанды қырғын: CBS News қаза тапқандар саны 20 мыңға жеткенін айтты

Америкалық CBS News телеарнасы Ирандағы жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқандардың саны бұрын хабарланғаннан әлдеқайда көп екенін анықтады. Телеарнаның дереккөздері кемінде 12 мың адамның көз жұмғанын, ал құрбандардың жалпы саны 20 мыңға дейін жетуі мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Телеарнаның мәліметінше, 13 қаңтарда елден тысқары жерге жеткен ақпарат Иран билігі мен қауіпсіздік күштерінің екі аптадан астам уақытқа созылған үкіметке қарсы шерулерді аяусыз басқанын көрсетеді. Бұл шетелдегі белсенділер жариялаған деректерден әлдеқайда ауқымды және қанды репрессия болғанын аңғартады.

Иран билігінің бұл әрекеті халықаралық қауымдастықтың алаңдаушылығын тудырып отыр. Наразылықтарды басып-жаншу кезінде қолданылған қатаң шаралар мен адам құқықтарының бұзылуы туралы ақпараттар тарауда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика