Иранда 10 мың адам өлім жазасына кесілмек: АҚШ соққы беруге дайындалып жатыр

Америка Құрама Штаттары Иранға қарсы әскери операция бастауға қызу дайындық үстінде. Бірқатар америкалық әскери сарапшылар соққының бірнеше күнде, ең ұзаса бір апта ішінде жасалуы мүмкін екенін айтып отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың сөзінше, бұған бірнеше жанама дәлел бар. Бастапқыда Иранды бомбалау туралы белсенді ақпарат таратқан Fox News телеарнасы мен британдық МИ-6 барлау қызметінің кенеттен үнсіз қалуы – операция алдындағы ақпараттық тыныштық болуы ықтимал. Сондай-ақ, CNN телеарнасы АҚШ Орталық барлау басқармасының штаб-пәтері орналасқан Лэнглиде түнде пицца мен сушиге тапсырыстың күрт көбейгенін тіркеген. Бұл – әдетте ірі әскери операциялар басталмас бұрын байқалатын белгі.

Болжам бойынша, АҚШ әуе күштері Иранның әскери және мемлекеттік нысандарын нысанаға алады. Тіпті, тараған ақпаратқа сәйкес Мәскеуге ұшып кетуге дайындалып отырған Иранның бас аятолласы Әли Хаменеи жасырынған бункерге де соққы берілуі мүмкін.

Иран басшысы Әли Хаменеи жақын арада наразылық кезінде ұсталған 10 мыңға жуық адамды асу арқылы көпшілік алдында жаппай өлім жазасына кесуді жоспарлап отыр. Егер бұл жүзеге асса, елдегі жағдай одан әрі ушығуы мүмкін.

Батыс елдерінің бұл операцияда жеңіске жету мүмкіндігі жоғары бағаланып отыр. Себебі қазір Иранның көптеген қаласында халық билікке қарсы көтеріліске шыққан. Шетелде жүрген тақ мұрагері Реза Пехлеви де өз отандастарына белсенді қолдау көрсетуде.

Бұл жағдай Иранның ыдырауына әкелуі ықтимал. Нәтижесінде елдегі әзербайжандар, күрдтер, түрікмендер, қашқайлар мен белуждер өз тәуелсіздігін алуы мүмкін деген болжамдар да айтылуда.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика