Павлодар–Қызылорда тас жолындағы жантүршігерлік апат: екі адам қаза тапты

Фото: видеодан скрин

Павлодар–Қызылорда тас жолының 110-шақырымында, Құлақөл ауылының маңында ауыр жол-көлік оқиғасы болды. Алдын ала мәліметке сәйкес, арақашықтықты сақтамаған Toyota Camry маркалы жеңіл көлік Shacman тіркемесі бар жүк көлігіне соқтығысқан. Оқиға күні өңірде көру мүмкіндігі төмендеп, ауа райы қолайсыз болған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмып, тағы екі адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Полиция өкілдері жол қозғалысына қатысушыларды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Әсіресе жылдамдық режимін бұзбай, көлік арақашықтығын сақтау, техникалық ақауларды дер кезінде тексеру және ауа райының өзгерістерін ескеру жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектесетінін еске салды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика