Фото: Pixabay
Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Қадір түні наурыздың 16-сынан 17-сіне қараған түнге сәйкес келеді.
Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады.
Ал Құрбан айт мамырдың 27-сі мен 29-ы күндері өтеді.
«Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді», – деп хабарлады ҚМДБ.
Рамазан айы – мұсылмандар үшін ең қасиетті айлардың бірі болып табылады. Бұл айда ораза ұстап, күн сайын ауқаттану мен ішуден бас тарту, сондай-ақ рухани тазалыққа ұмтылу маңызды орын алады.
Рамазан айы әлемнің көптеген халықтары үшін үлкен мәнге ие, ол қанағатшылдықты, сабырлықты және төзімділікті арттырады.
