Қазақстанда зейнетақыны емге алу тоқтатылды: Билік жаңа шектеулер енгізіп жатыр

12 қаңтар күні сағат 19:00-ден бастап «Отбасы банк» бірыңғай зейнетақы жинағының (БЗЖ) бір бөлігін медициналық қызметтерге жұмсауға арналған өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Банк бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп қабылдаған. Негізгі мақсат – зейнетақы жинағын заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру және оны басқа мақсаттарға жұмсау әрекеттерінің жолын кесу.

Соңғы кездері кейбір азаматтардың медициналық қызметтерді сылтауратып, ақшаны мақсатсыз пайдалану жағдайлары жиілеген болуы мүмкін. Енді екі мекеме зейнетақы төлемдерін пайдалану талаптарын қайта қарап, ақпараттық жүйелерді бір-бірімен интеграциялауды жоспарлап отыр.

Өтінімдерді қабылдау жаңа ережелер бекітіліп, техникалық жұмыстар толық аяқталғаннан кейін қайта басталады. Нақты мерзімі қосымша хабарланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика