Фото: Шымкент қалалық ПД
Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Полиция мәліметінше, марқұмға пышақ жарақатын салды деген күдікпен 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы іздестіріліп жатыр.
«Қылмыс жасалған соң күдікті оқиға орнынан Hyundai Mufasa маркалы, мемлекеттік нөмірі 015 AUY 17 автокөлігімен бой тасалаған», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары күдіктінің немесе аталған көліктің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды 102 нөміріне хабарласуға шақырады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
