Фото: Астана халықаралық әуежайы
Астанада қолайсыз метеожағдайға байланысты елордаға бағытталған бірқатар әуе рейсі кешігіп жатыр. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.
Астана халықаралық әуежайы өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі рейстердің қону уақыты кейінге шегерілді:
• KC 584 Санья – Астана;
• DV 784 Өскемен – Астана;
• IQ 400 Ақтөбе – Астана;
• FS 7316 Қызылорда – Астана;
• IQ 438 Петропавл – Астана;
• KC 656 Доха – Астана.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейстердің мәртебесін алдын ала нақтылап отыруды ұсынады.
