Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күрт төмендеп, кей өңірлерде 38 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының болжамынша, ел аумағына суық антициклон жылжып келеді. Ол республика бойынша тез таралып, алдымен солтүстік аймақтарда, содан кейін Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райының айтарлықтай өзгеруіне әкеледі.
«14 қаңтарда солтүстік, ал 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнде термометр бағаны -30…-38 градусқа дейін төмендейді», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, елдің солтүстік жартысындағы кей аудандарда желдің екпіні секундына 28 метрге жетуі мүмкін. Осыған байланысты синоптиктер тұрғындарға жылы киінуге және жолда сақ болуға кеңес береді.
Фото: Әлеуметтік желіден
