СҚО-дағы өрт: Әкесі мен екі сәбиі жанып кетті, анасы ғана аман қалған

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үйде болған өрттен әкесі мен оның екі кішкентай баласы көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні кешке Мағжан Жұмабаев ауданындағы Майбалық ауылында болды.

Өрт кезінде үйде ер адам мен оның үш жасар және бір жастан асқан екі сәбиі болған. Олардың барлығы оқиға орнында тіл тартпай кетті.

Тек балалардың анасы ғана тірі қалған. Оның қалай аман қалғанының мән-жайы анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Қазір Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тексеру мен сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Адам өлімі дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, отбасы мүшелері ішімдікке әуес болған. Алайда бұл ақпаратты ресми органдар әзірге растаған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика