АҚШ президенті Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы етіп тағайындады. Ол бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Америка көшбасшысы Wikipedia-дағы өмірбаян үлгісінде жасалған скриншотты жариялаған. Онда Дональд Трамп 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарушы қызметіне «тағайындалғаны» көрсетілген. Бұл ретте ол АҚШ президенті лауазымын да сақтап қалған.
Шын мәнінде, қазіргі уақытта Венесуэла президентінің міндетін ресми түрде Делси Родригес (уақытша басшы) атқарады. Жақында ол елдегі саяси тұтқындардың босатылғанын мәлімдеген. Осы шешім аясында 18 адам бостандыққа шықты.
Фото: Белый дом
