Астанада -27°С аяз болады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның ірі қалаларында алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Елордада күн райы күрт суытса, оңтүстік қалаларда жылы болады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Астана қаласы бойынша:

12 қаңтарда күн бұлтты, қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз -3…-5°С болып, кейін одан әрі төмендейді.

13 қаңтарда көшпелі бұлтты, түнде аздап қар жауады, бұрқасын болып, көктайғақ сақталады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -13…-15°С, күндіз -11…-13°С болады.

14 қаңтарда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -25…-27°С, күндіз -20…-22°С аязға дейін жетеді.

Алматы қаласы бойынша:

12 қаңтарда көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +7…+9°С жылы.

13 қаңтарда көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +5…+7°С.

14 қаңтарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +3…+5°С болады.

Шымкент қаласы бойынша:

12 қаңтарда көшпелі бұлтты, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +7…+9°С.

13 қаңтарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +10…+12°С жылы.

14 қаңтарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +11…+13°С жылы болады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика