Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Іс бойынша тыңдау 19 қаңтарда өтеді

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 KO) допинг сынамасына қатысты ісі бойынша тәртіптік тыңдаудың өтетін күні белгіленді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының басшысы Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, ресми тыңдау 2026 жылдың 19 қаңтарына жоспарланған.

«Істі қарау процесі қолданыстағы барлық регламентке, процестік әділеттілік пен кінәсіздік презумпциясы қағидаттарына, сондай-ақ халықаралық допингке қарсы стандарттарға қатаң сәйкестікте өтеді», — делінген федерация хабарламасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 12-сін мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған.

Фото: Турар Қазанғапов/ Vesti.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика