Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 11 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Еліміздің оңтүстігінде көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, тұман түседі. Ал солтүстік-шығыста аяз болады, жауын-шашынсыз. Батыста кей жерлерде тұман болуы мүмкін. Орталық және шығыс аймақтарда аяз бен аздаған жауын-шашын күтіледі.

Қазақстан қалаларындағы ауа райы:

Астана: көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз 0 градус шамасында.

Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +7-9 градус.

Шымкент: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +0-2, күндіз +12-14 градус.

Түркістан: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде -1…+1, күндіз +9-11 градус.

Қонаев: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман. Ауа температурасы түнде -1-3, күндіз +6-8 градус.

Талдықорған: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең баяу тұман. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз +5-7 градус.

Қызылорда: бұлтты, күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ. Кейде тұман. Ауа температурасы түнде +0-2, күндіз +3-5 градус.

Тараз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кейде тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде +0-2, күндіз +14-16 градус.

Ақтау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде +0-2, күндіз +3-5 градус.

Атырау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз 0…-2 градус.

Орал: бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ. Ауа температурасы түнде -8-10, күндіз -3-5 градус.

Ақтөбе: бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жауын-шашын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде және күндіз -3-5 градус.

Қарағанды: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -7-9, күндіз +1-3 градус.

Жезқазған: көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз 0…+2 градус.

Қостанай: бұлтты, таңертең және күндіз қар, боран, көктайғақ, тұман болуы ықтимал. Күндіз екпінді жел. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -6-8 градус.

Көкшетау: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -2-4 градус.

Петропавл: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -17-19, күндіз -10-12 градус.

Павлодар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -17-19, күндіз -6-8 градус.

Семей: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -12-14, күндіз -1-3 градус.

Өскемен: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -2-4 градус.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер бірқатар өңірде жексенбіге арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика