Екібастұздағы пәтерлердің бірінде болған жанжал кісі өлімімен аяқталды. Оқиға орнында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмып, тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, оқиға 9 қаңтарда болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, марқұмға мас күйінде бірнеше рет пышақ салынған.
«Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Ал үй тұрғындарының сөзінше, әйелі опасыздық жасаған күйеуін көңілдесімен бірге ұстап алған көрінеді.
