Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас жеке өмірін көпшілік назарынан тасада ұстайтыны белгілі. Алайда, әнші бұл жолы дәстүрін бұзып, Мальдив аралдарындағы отбасылық демалысынан кенже қызы Рәбия Сұлтанмен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бұл жазба әншінің жанкүйерлері үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі жұлдызды жұптың ара-қатынасы туралы түрлі қауесет жиі тарап, көпшілік олардың отбасылық жағдайына алаңдаушылық білдіріп келген еді. Әншінің қызымен бірге жылы лебізге толы видеосы желіде лезде тарап, оқырмандардың ыстық ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың отбасына қайта оралғанына қуанып, оны нағыз отбасының тірегіне балады. Олардың пікірінше, бұл видео көптеген сұраққа нүкте қойғандай болды.
«Қайраттың бағы Жұлдызбен жанды», «Нағыз бақыт осы ғой», «Отбасына көңіл бөліп жүрген Қайрат Нұртас сияқты болсын бәрі», «Балалар да, өздері де бұл демалысқа әбден лайық», — деп жазды оқырмандар.
