Қазақстан қор биржасында 9 қаңтарда өткен сауда нәтижесінде, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 509,94 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бір күн ішінде доллар бағамы 0,98 теңгеге артты. Ал айырбастау пунктеріндегі валюта бағамдары келесідей:
- Доллар: сатып алу – 510-514 теңге, сату – 514-517 теңге;
- Еуро: сатып алу – 590-595 теңге, сату – 597-600 теңге;
- Рубль: сатып алу – 6,1-6,34 теңге, сату – 6,4-6,45 теңге.
Ал Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 62,16 долларды құрады.
Фото: Әлеуметтік желіден
