2025 жылы сатылым мен жарнама саласына сұраныс қандай?

2025 жылғы еңбек нарығындағы сұраныс туралы жаңа мәліметтер жарияланды. Жарнама және сатылым саласындағы мамандарға сұраныс жоғары деңгейде тұрақтап отыр, әсіресе Алматы мен Астанада вакансиялар саны көп кездеседі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Алматыда 200 мыңнан астам жұмыс орны ұсынылса, бұл көрсеткіш Астанада 120 мыңға жетті. Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Қостанайда да белсенділік байқалады. Өскемен мен Ақтау қалаларында вакансиялар саны азайған.

«Сату және клиенттерге қызмет көрсету саласында жұмыспен қамту 12,6% құраса, спорт және сұлулық салондары 6,9% орын алады» — деді мамандар.

Өсу қадамдарын көрсеткен салаларға жұмысшы персонал, құрылыс және жылжымайтын мүлік, өндіріс пен сервистік қызмет кіреді. Құрылыс саласының өсімі 4,1% болып есептеледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика