Ақмола облысында әйелді пойыз басып кетті

Фото: Pixabay

Әйел адамды пойыз басып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today.

Полиция департаментінің ақпаратынша, қайғылы оқиға жол қозғалысы және теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан орын алған. Зардап шеккен әйел ауыр дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Аталған дерек бойынша көліктегі полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«8 қаңтар күні Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігін пайдалану және қозғалыс қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданады», – делінген ресми хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика