Трамп Венесуэланың АҚШ өнімдерін ғана сатып алатынын айтты

Фото: © AP Photo / Alex Brandon

Венесуэла өз мұнайын сатудан түсетін қаражатқа АҚШ-та өндірілген өнімдерді ғана сатып алады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

«Маған Венесуэланың мұнайға қатысты жасалған жаңа келісім аясында түсетін қаражатқа америкалық өнімдерді ғана сатып алатыны туралы ақпарат түсті», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ақ үй басшысының сөзінше, бұл АҚШ-тың ауыл шаруашылығы өнімдеріне, дәрі-дәрмектерге және энергетика жүйесіне арналған жабдықтарға қатысты болмақ.

«Яғни Венесуэла АҚШ-пен негізгі сауда серіктесі ретінде жұмыс істеу міндеттемесін алады. Бұл дұрыс шешім. Ол Венесуэла мен АҚШ халықтары үшін өте тиімді», – деп атап өтті АҚШ президенті.

Айта кету керек, бұған дейін АҚШ 66 халықаралық ұйымнан шығатынын жазғанбыз.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика