Жұмыс істемейтін жүйе, орнында жоқ қызметкер: Тараз аналарының жанайқайы

Фото: видеодан скрин

Тараз қаласында әлеуметтік көмекке мұқтаж аналар мемлекеттік мекемелердің салғырттығына наразылық білдіруде. Әлеуметтік желіде тараған видеода азамат жыл соңына дейін екі-үш мәрте барғанымен, тиісті қызметкерлерді жұмыс орнынан таба алмағанын айтады. Оның сөзінше, дерекқорлар істемей тұрғандықтан, атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) құжат тапсыру мүмкін болмай, көптеген ана әуре-сарсаңға түскен. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.

Қарапайым халыққа ең қажет сәтте мемлекеттік жүйенің істен шығуы қоғамда үлкен наразылық туғызып отыр. Әлеуметтік қолдауға зәру жандардың уақытын алып, табалдырық тоздыру – бұл жай ғана техникалық мәселе емес, жауапсыздықтың айқын көрінісі. Мұндай жағдай халықтың жүйкесін жұқартып, билікке деген сенімнің азаюына алып келуде.

Қала тұрғындары: «Жұмыс істемейтін жүйе мен орнында жоқ қызметкерге жалақы не үшін төленеді?» – деп ашына сұрайды. Әкімдікке де сын көп: тұрғындар көмекке зәру болып тұрғанда, есігі жабық, базасы істемейтін мекемелердің жұмысын реттей алмаған жергілікті билік өз міндетін толық орындамай отыр.

Ақпарат Instagram желісіндегі @taraz_analary парақшасынан алынды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика