Алматыдағы Солтүстік айналма жол бойындағы қоймада шыққан өртті құтқарушылар толық сөндірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі 8 қаңтар таңертең өрттің толық жойылғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, жалын шарпыған аумақ 1900 шаршы метрге жетті.
Алғашқы хабарламалар 7 қаңтар күні сағат 23:50-де түсе бастаған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы техникасы, оның ішінде автопойыз да тартылды.
Өрт сөндірушілер оттың іргелес тұрған ғимаратқа тарауына жол бермеді.
2025 жылғы маусымда Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Солтүстік айналма жол бойындағы базарларда өрт қауіпсіздігі талаптарын күшейтуді тапсырған. Сол кезде қалалық төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері нысан иелеріне ескертулерді тұрақты түрде тапсыратынын, ал анықталған заңбұзушылық материалдарын сотқа жолдайтынын айтқан.
Фото: ТЖМ
