2026 жылдан бастап балалар спортына бөлінетін қаржы екі есеге жуық ұлғаяды

Қазақстанда 2026 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде жаңа қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Енді әр тәрбиеленушіге жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Бұл қазіргі 233 мың теңгелік сметалық жүйемен салыстырғанда екі еседей көп, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, енгізілетін подушевой жүйе спорт саласын басқаруды оңтайландырып, жас спортшылардың қамтамасыз етілу деңгейін арттыруға бағытталған.

«Бұл бастама балалар спортының дамуына серпін береді. Қосымша қаражат жергілікті бюджеттерден қарастырылады. Республикалық бюджет комиссиясы тиісті шығындарды қолдап отыр,» – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, бұған дейін «Е-Спорт» атты цифрлық платформа іске қосылғаны да хабарланған болатын. Ол спорт мектептері мен жаттықтырушылардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика