Алматылық жас IT-маман сүйіктісімен сөйлесетін ЖИ көмекші жасады

Фото: pexels.com

Алматыдан шыққан 18 жастағы Арлан Рахметжанов қызымен тәулігі бойы хабарласу үшін арнайы жасанды интеллект агентін әзірледі. Бұл агент – Telegram мессенджерінде жұмыс істейді және иесінің атынан автоматты түрде хабарлама жазып, диалогтың мазмұны мен көңіл күйін талдай алады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Арланның айтуынша, бұл шешім күнделікті мәселені – жұмыспен тым қатты айналысып, уақыт таппауын шешу үшін ойлап табылған. Агент дайын фразаларды қорытып, сұхбаттың мәніне қарай жауап береді. Тіпті кейде ас мәзірін құрастырғандай қосымша тапсырмаларды да орындай алады.

«Басында бұл әзіл ретінде жасалған еді, бірақ күтпеген жерден көп адамның қызығушылығын тудырды», – деді Арлан.

ИИ құралы Nozomio стартапы арқылы әзірленген. Бұл – Арлан негізін қалаған жобалардың бірі. Ол API арқылы мыңдаған танысу фразаларын жинақтап, жүйеге ендірген. Агент әңгімелесушінің эмоциясын бағалап, қажет кезде қолданушыға ескерту де жасай алады.

«Кейде қызым тіпті бұл агентті менен де сүйкімді сөйлесуші деп ойлап қалады», – деп әзілдеді Арлан.

Жоба әзірге тек Telegram арқылы жұмыс істейді. iMessage-ке қосу – жоспарда бар, ал WhatsApp-та техникалық шектеулерге байланысты әзірге қолжетімсіз.

Digital Business басылымының сұрағына жауап бере отырып, Арлан бұл идеяны сүйіктісінен жасырмағанын айтты. Жас кәсіпкер агентті бірнеше сағатта жасап шыққанын, оны тек тест және тәжірибе ретінде қарастырғанын жеткізді.

Айта кетейік, Арлан Рахметжанов негізін қалаған Nozomio стартапы өткен жылы $6,2 млн инвестиция тартып, pre-seed кезеңінде $1 млн-ды бір аптаның ішінде жинаған. Ол компаниясын дамыту үшін мектепті де тастап кеткен.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика