АҚШ Солтүстік Атлантикада Ресей туын көтерген танкерді ұстады

Фото: pexels.com

АҚШ әскери-теңіз күштері Солтүстік Атлантикада екі апта бойы бақылай отырып, атын да, туын да өзгерткен танкерді ұстады. Бұл кеме басында Bella 1 деп аталған, кейін Marinera атымен Ресей туын көтерген екен, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Танкерді ұстауға АҚШ федералды соты берген ордер негіз болған. Бұл туралы Еуропадағы АҚШ әскери қолбасшылығы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Судно Солтүстік Атлантикада АҚШ федералдық сотының ордерімен ұсталды», – деп хабарлады АҚШ-тың Еуропалық қолбасшылығы.

Маринара танкерін АҚШ жағалаулық күзеті Венесуэлаға қарсы жарияланған теңіз қараблокадасы аясында бақылауға алған. Бұрын бұл кеме Гайана туын көтеріп жүрген.

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп кезінде Венесуэлаға мұнай тасымалдаған барлық танкерлерге тосқауыл қою туралы бұйрық берген болатын.

Ресей тарапы өз кезегінде танкер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Атлантикаға әскери кемелер жібергенін мәлімдеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика