Жамбыл облысында Ұлттық ұланның сарбазы қызмет кезінде қайтыс болды

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметін өтеп жүрген сарбаз қайтыс болды. Оған «жүрек талмасы» деген алғашқы диагноз қойылған. Оқиға 6 қаңтар күні болған. Ұлттық ұланның қатарындағы сарбазға шұғыл медициналық көмек көрсетілгенімен, ол ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұлан таратқан мәліметке сәйкес, марқұм медициналық бақылауда болған. Ол бұған дейін бірнеше рет Шымкент қаласындағы емдеу орындарында тексеруден өткен. Дегенмен, кейіннен дәрігерлер оның жағдайын күрделендіріп жіберген болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр.

«Алдын ала диагноз — жедел лейкоз. Қазір ведомствоның әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Бұл жағдай Ішкі істер министрінің орынбасарының жеке бақылауында», — деп мәлімдеді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Бұл — еліміздегі әскери қызмет барысында сарбаздың қайтыс болғаны жөніндегі бірнеше оқиғаның бірі. 2024 жылдың сәуірінде Атырауда бір сарбаз қызмет үстінде қаза тапқан еді. Ресми дерекке сәйкес, оған да «жүрек тоқтауы» диагнозы қойылған. Алайда оның анасы бұл нұсқамен келіспей, баласының өліміне қатысты істі қайта қарауды талап еткен.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика