«Salyq кешбэк» жобасы 2026 жылға дейін ұзартылды: 12 облысты қамтиды

Қазақстанда фискалдық чектер бойынша сыйақы төлеуді көздейтін «Salyq кешбэк» пилоттық жобасы тағы бір жылға жалғасады. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жоба елдің 12 облысында іске асырылмақ, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылы бастаманың нәтижелері оң болды. 2024 жылы пайдаланушылар 573 937 чекті сканерлеп, жалпы сомасы 7,6 миллиард теңгені құрады. Осы чектер бойынша төленген кешбэк көлемі — 152 миллион теңге.

«2025 жылы жобаның тиімділігі айқын көрінді: сканерленген чектердің саны 26%-ға, ал олардың жалпы сомасы 32%-ға артты», – деді Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері.

Жоба Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы 48 аудан мен қалада жүзеге асырылып жатыр.

Оған кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чекті алуы қажет. Чектегі штрих-кодты Amian мобильді қосымшасы арқылы сканерлесе жеткілікті. Қосымшаны App Store немесе Google Play дүкендерінен жүктеуге болады. Әр сатып алудан 2% көлемінде кешбэк беріледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика