Фото: pexels.com
7 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы құбылып, боран, тұман мен көктайғақ күтіледі. Солтүстік, шығыс және батыс аймақтарда жел көтеріліп, қар жаууы ықтимал, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Астанада бұлтты күн, қар жауады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде -11…-13°C, күндіз -9…-11°C.
Алматыда жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Жел 2-7 м/с. Түнгі температура -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
Шымкентте жаңбырсыз, бұлтты күн. Жел 5-10 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C шамасында.
Ақтауда ауа райы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 7-12 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +6…+8°C.
Ақтөбеде бұлтты, бірақ құрғақ ауа райы сақталады. Жел 9-14 м/с. Түнде -10…-12°C, күндіз -6…-8°C.
Атырауда жаңбырсыз, бұлтты күндер күтіледі. Жел 5-10 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз 0…+2°C.
Жезқазғанда құрғақ ауа райы сақталады. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Түнгі ауа температурасы -8…-10°C, күндіз -5…-7°C.
Қарағандыда қар жауып, қатты жел соғады — 15-20 м/с дейін. Түнде -9…-11°C, күндіз -7…-9°C.
Көкшетауда жауын-шашынсыз бұлтты ауа райы. Жел 9-14 м/с. Түнде де, күндіз де -11…-13°C.
Қонаев қаласында құрғақ, жел 9-14 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
Қостанайда қар жаумайды, жел 9-14 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C.
Қызылордада жел 3-8 м/с, ауа райы бұлтты, бірақ жауынсыз. Түнде -4…-6°C, күндіз -1…-3°C.
Павлодарда боран соғып, қар жауады. Жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Температура -8…-10°C.
Петропавл қаласында қар жоқ, күн бұлтты. Жел 9-14 м/с. Түнімен -12…-14°C, күндіз -10…-12°C.
Семейде қар жауып, қатты жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнгі ауа температурасы -7…-9°C, күндіз -4…-6°C.
Талдықорғанда күн ашық, бірақ салқын. Жел 2-7 м/с. Түнде -11…-13°C, күндіз 0…+2°C.
Таразда бұлт аралас күн, жаңбырсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +2…+4°C.
Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Түнде -3…-5°C, күндіз +3…+5°C.
Орал қаласында құрғақ ауа райы, жел 9-14 м/с. Түнде -8…-10°C, күндіз -2…-4°C.
Өскеменде қар жауады. Жел 7-12 м/с. Түнгі ауа температурасы -6…-8°C, күндіз -3…-5°C.
