Алматыда Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы Бауыржан Момышұлының туыстарына еліміздің жоғары мемлекеттік марапаттары салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденін тапсырды.
Бұған дейін Президент Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі ерекше атағын беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осылайша, көп жылдан бері күтулі тарихи әділет қалпына келтірілді.
«Халқымыз Бауыржан Момышұлын әрдайым батыр деп біледі, қаһарман деп қастерлейді. Мемлекет басшысының бұл шешімі халықтың оған деген ыстық ықыласын одан әрі арттыра түсті. Ең бастысы, көптен күткен тарихи әділдік орнады», – деді Ерлан Қарин марапаттау рәсімінде.
Бауыржан Момышұлы – Жеңіс жолында ерлігімен танылған қазақ халқының мақтанышы. Оның есімі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі ретінде қалатыны сөзсіз.
Фото: Ақорда
