Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ерлі-зайыптының өлі денелері табылғаны жөнінде жаңа мәлімет жария болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Жангелді ауылында тұратын 1959 жылы туған Максот Қарабалин мен жұбайы Насип Өтешқалиева өз үйінің шаруашылық құрылысында көмілген күйде табылған. Олардың жоғалып кеткені туралы туыстары бірнеше күн бұрын полицияға хабар берген болатын.
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары бұл дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары мәйіттердің табылғанын әзірге ресми растамады.
Жергілікті тұрғындар бұл отбасының ел қатарлы, тыныш өмір сүргенін айтып отыр. Ауылдастары болған жағдайға сенбей отыр.
Бұл оқиға ел ішінде үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кең талқылануда.
Фото: Әлеуметтік желіден
