Фото: pexels.com
Келер жылы республикалық бюджет кірісі 22,88 трлн теңге болады деген болжам бар. Оның 18,88 трлн теңгесі салықтан түспек, бұл — жалпы кірістің басым бөлігін құрайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Салықтық түсімдердің ішінде ең көп табыс қосылған құн салығынан күтілуде — 10 трлн теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға артық.
Қалған негізгі салық көздері:
- Корпоративтік табыс салығы – 5,18 трлн теңге
- Кедендік төлемдер – 2,39 трлн теңге
Салықтан тыс кірістер 330,7 млрд теңгені құрайды. Соның ішінде мемлекеттік мүліктен түсетін табыс – 253,4 млрд теңге.
Мысалы, 2025 жылға арналған ҚҚС болжамы 6,51 трлн теңге болған, алайда биыл бұл көрсеткіш 10 трлн теңгеге дейін көтерілмек. Сонымен қатар өткен жылы салық жоспары толық орындалмаған.
