Фото: pexels.com
Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Білімі: Философия ғылымдарының докторы.
Шені: Генерал-майор.
Асқар Мұстабеков Ұлттық қорғаныс университеті бастығының оқу ісі жөніндегі бірінші орынбасары және оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметтерін атқарды.
