Сурет: Желіден
Әнші Сәкен Майғазиевтің жас қызбен түскен суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу пікірталас тудырды. Аталған фото Instagram желісіндегі @shik_cosmetolog парақшасында жарияланған болатын, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Парақша иесі жазбада:
«Сәкен менің ағам, суретке ағаммен түстім»,
— деп түсіндіргенімен, пайдаланушылар бұған сенгісі келмей, түрлі болжамдарын көбірек жаза бастады.
Желі қолданушыларының кейбірі суреттегі аруды танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші жары Айманға ұқсатып, бұл байланысқа күмәнмен қарайтындарын ашық білдірді. Осыған байланысты пікір алаңы қызу талқыға түсті.
Көпшілік:
«Мынау Тұрсынбектің Айманы ма, ендігі кезек Сәкендікі», «Бәрі де солай “аға” деуден басталады», «Сәкеннің әйелінен подкаст күтейік»,
— деп пікір қалдырып жатыр.
Қазіргі уақытқа дейін Сәкен Майғазиев те, аты аталған өзге тараптар да жұрт назарындағы бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
