2026 жылы жеке кәсіпкерлікті жабудың жаңа тәртібі бекітілді

Фото: pexels.com

2026 жылдан бастап жеңілдетілген салық режимін (АСР) қолданған кәсіпкерлер үшін жабылу тәртібі өзгереді. Жеке кәсіпкерлікті жабу үшін нақты мерзім мен бірнеше кезеңнен тұратын рәсімдер қарастырылған.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салық есептілігі мен хабарлама — басты шарттар

2025 жылы АСР жүйесінде (оңайлатылған декларация, бөлшек салық, тіркелген шегерім) жұмыс істегендер кәсіпті 2026 жылы 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында ғана жаба алады.

Алдымен салық органдарына соңғы есептілікті өткізу қажет: бұл — 2025 жылдың 4-тоқсаны немесе 1-жартыжылдығы үшін декларация. Есептілік «Кезекті» деген белгімен тапсырылуы керек.

Одан кейін салық режимін өзгерту туралы хабарлама беріледі. Хабарламада:

  • «Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР» немесе «Жалпы тәртіп» режиміне ауысатыны;
  • Себеп ретінде – «Ерікті түрде шешім қабылдау»;
  • Жаңа режимнің басталуы – 2026 жылғы 1 қаңтар,

деген деректер көрсетілуі тиіс.

Жеке кәсіпкерлікті жабу жайлы өтініш беру тәртібі

Қызметті тоқтату жөніндегі өтініш тек салық режимі туралы хабарламадан кейін ғана қабылданады. Егер хабарлама уақытында ұсынылмаса, кәсіпті жабуға рұқсат берілмейді.

Өтініш берген соң, жабылатын кезеңге байланысты соңғы декларацияны тапсыру қажет:

  • АСР жүйесін пайдаланғандар үшін — 2026 жылдың 1-жартыжылдығы (910.00 нысанымен);
  • Жалпы тәртіптегілер үшін — 2026 жылдың 1-тоқсаны үшін есеп.

Кей жағдайда қосымша құжаттар сұралуы мүмкін.

Демек, ЖК жабу рәсімі салық органдарымен алдын ала келісілген қадамдарды талап етеді. Барлық кезеңдерді мерзімінде орындау маңызды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика