Фото: pexels.com
6–8 қаңтар күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан жылжитын циклондар әсер етіп, бірқатар аймақтарда жауын-шашын мен жел күшейеді. Бұл туралы «Қазгидрометке» сүйенген Krispmedia.kz хабарлады.
Бұл өзгерістер әсіресе көлік жүргізушілер мен ашық ауада жүретін азаматтарға әсер етуі мүмкін.
Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.
Батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғуы мүмкін.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, керісінше, антициклон әсерінен ауа райы негізінен құрғақ болады.
Қай өңірде не күтіп тұр?
Батыс Қазақстанда түнде -8°С-тан 0°С-қа дейін жылып, күндіз -3°С пен +8°С аралығында болады деп болжануда.
Солтүстік, шығыс және орталық облыстарда керісінше, күн суытады: түнгі көрсеткіштер -10°С-тен -25°С-қа дейін, күндіз -5°С пен -15°С арасында болады.
Оңтүстікте ауа райы жайлырақ па?
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күрт өзгеріс күтілмейді. Түнде -1°С пен -16°С арасында, ал күндіз 0°С-тан +10°С-қа дейін жылылық сақталады. Таулы өңірлерде түнгі температура -10°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Ел бойынша тұман мен екпінді жел болжанып отыр, сондықтан алыс жолға шығарда және ашық ауада абай болу ұсынылады.
