Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді: эпицентрі Отарға жақын

Фото: pexels.com

5 қаңтар 2026 жылы Жамбыл облысында магнитудасы 3.7 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл оқиға туралы Республикалық сейсмология орталығы хабарлады.

Сейсмикалық дүмпулер Астана уақытымен 10:15-те болған. Эпицентрі Отар ауылынан шамамен 30 шақырым солтүстікке қарай орналасқан.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісінің координаттары: 43,76° солтүстік ендік және 75,15° шығыс бойлық. Энергетикалық класы — 8,8.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат әзірге жоқ.

Мұндай жер сілкінісі қаншалықты қауіпті?

Магнитудасы 3.7 болатын зілзала — әлсіз санатқа жататын дүмпу. Дегенмен, эпицентрге жақын орналасқан елді мекендерде сілкініс сезілуі мүмкін.

Қазақстанның оңтүстігі сейсмикалық белсенді аймаққа енгендіктен, мұндай жағдайлар жиі тіркеліп отырады. Халыққа алдын ала ескерту жүйелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер туралы ақпарат беру маңызды.

Мамандар өңірде сейсмикалық бақылауды жалғастыруда.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика