2025 жылы ENI акциялары рекорд жаңартты: Қашаған табысы өз жемісін беруде

Фото: pexels.com

2025 жылдың қорытындысы бойынша, Нью-Йорк қор биржасында ең көп өсім көрсеткен мұнай-газ компаниясы италиялық ENI болды. Компания акциялары бір жыл ішінде 39,3%-ға қымбаттады.

Бұл табысқа қол жеткізуге Каспийдегі Қашаған мен батысқазақстандық Қарашығанақ кен орындарындағы жобалар тікелей әсер етті. ENI атқарушы директоры Паоло Скарони 2000-жылдардың басында-ақ Қашағанның компанияны «мұнай элитасына» қосатынын мәлімдеген еді.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кашаган арқасында 2000-жылдары көптеген итальян мердігерлік және жабдық жеткізу компаниялары да ірі табысқа кенелді.

ENI табысына Қарашығанақ пен Қашаған қалай әсер етті?

ENI – Қазақстандағы екі ірі мұнай-газ жобасына қатысып отырған санаулы шетелдік корпорациялардың бірі. Қашаған әлемдегі ең ірі теңіз мұнай кен орындарының бірі саналады, ал Қарашығанақ газ конденсаты кен орны – экспорттық әлеуеті жоғары жоба.

Қазақстанда жұмыс істей отырып, ENI жаңа активтерге қол жеткізді және ұзақ мерзімді келісімшарттар арқылы тұрақты табыс көзін қалыптастырды. Бұл факторлар инвесторлар сенімін арттырып, акция бағасына оң әсерін тигізді.

2025 жылы жаһандық мұнай алыстары қалай өзгерді?

ENI-ден кейінгі өсім француздық TotalEnergies компаниясында байқалды (+21%). Одан кейін Shell (+17,8%) және BP (+17,6%) орналасқан. Америкалық мұнай гиганттары ExxonMobil мен Chevron тиісінше 12,5% және 5,2% өсім көрсетті.

Алайда кейбір компаниялар кері динамиканы бастан өткерді: Equinor (-0,4%), ConocoPhillips (-5,1%), EOG Resources (-13,8%) және Occidental (-16,1%) акциялары құлдыраған. Бұл мұнай нарығындағы геосаяси және климаттық тәуекелдердің әртүрлі компанияларға әркелкі әсер еткенімен түсіндіріледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика