Фото: pexels.com
2026 жылы Қазақстанда бірнеше мереке күндері ауыстырылып, қосымша демалыс күндері де болатыны белгілі болды. Бұл мерекелер аптаның соңына түскендіктен, кейбіреуі дүйсенбіге шегерілді.
Осының арқасында қазақстандықтар ұзартылған демалыс күндерінен бірнеше рет пайда көрмек. Әсіресе Наурыз, Жеңіс күні мен Республика күні секілді маңызды күндер ерекше ұзақ уик-энд сыйлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қай мерекеде демалыс ұзарады?
2026 жылы 1–2 қаңтар күндері Жаңа жылға байланысты демалыс болады.
8 наурыз жексенбіге түскендіктен, демалыс 9 наурыз дүйсенбіге ауысады.
Наурыз мейрамы 21–23 наурыз аралығында өтеді. Бұл күндер сенбі-жексенбімен қатар келгендіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға шегеріледі. Осылайша бес күндік демалыс пайда болады.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні, ал 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні ретінде белгіленген. Екі мереке де аптаның ортасында, сәрсенбі мен бейсенбіге сәйкес келеді.
9 мамыр – Жеңіс күні сенбіге түскендіктен, демалыс 11 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылады. Бұл үш күн қатарынан демалу мүмкіндігін береді – 9–11 мамыр.
Қандай демалыстар басқа күнге ауыстырылады?
6 шілде – Астана күні (қазіргі атауы – Елорда күні) бұрынғыша ресми демалыс болып қалмақ.
30 тамыз – Конституция күні жексенбіге түсетін болғандықтан, демалыс 31 тамыз, дүйсенбіге шегерілді.
25 қазан – Республика күні де жексенбіге тура келеді. Сондықтан 26 қазан, дүйсенбі демалыс болады.
Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өзгеріссіз қалады, бұл күн сәрсенбіге түседі.
Бірнеше мерекенің аптаның соңына түсуіне байланысты ұзартылған демалыстар жиі болмақ. Жоспар құрып жүргендер үшін бұл күндер ерекше маңызды.
