Атырау облысында бүтін бір отбасы жарты жылсыз із-түссіз жоғалып кетті

Фото: pexels.com

Атырау облысы, Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылының бір отбасын бірнеше айдан бері ешкім көрмеген. Бұл дерекке байланысты полицияға ресми арыз қараша айында түскен.

Жоғалғандардың бірі — 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев. Ол жарты жыл бұрын Ақтау қаласына табыс табуға кетіп бара жатқанын хабарлағанмен, содан бері байланысқа шықпаған.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазан айының шамасында ол тұратын үйдің шамы сөніп, телефондары да сөнген. Сол кезде ауыл тұрғындары отбасының өзге мүшелері де көзден таса болғанын байқаған.

Наурыздың туыстары полицияға арызданғаннан кейін ғана бұл оқиға ресми тіркелді. Хабар-ошарсыз кеткендер қатарында Наурыздың әкесі Максот Қарабалин, анасы Насип Өтешқалиева және қарындасы Мирагүл бар.

WhatsApp арқылы мал сатылып, ақша Kaspi-ге түскен екен

Ауылдастардың сөзінше, жоғалғаннан кейін Наурыздың атымнан WhatsApp арқылы бүкіл мал басы сатылған. Алайда өзі Жангелдинге келмеген көрінеді.

Туыстарының айтуынша, түскен қаржы Наурыздың әкесінің Kaspi есепшотына аударылып, содан кейін ақша қозғалысы тоқтап қалған.

Ал отбасы тұрған үй әлі де солардың атына тіркелген, бірақ есігі жабық күйде қалып отыр. Олардың қайда кеткені немесе қай жаққа бет алғаны туралы нақты дерек жоқ.

Жоғалғандарға іздеу салынса да нәтиже жоқ

Қазақстанның барлық өңірлеріне іздеу парақтары жіберілгенімен, жоғалған отбасына қатысты жаңа ақпарат екі айдың ішінде әлі табылған жоқ.

Бұл жағдай Жангелдин ауылы тұрғындары арасында алаңдаушылық туғызып отыр. Көктемге аяқ басуда, алайда отбасының тағдыры әлі де беймәлім күйде қалып келеді.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика