Амстердамда тарихи шіркеу өртенді, Нидерландыда жаңа жыл түнінде екі адам қаза тапты

Фото: pexels.com

Нидерландыда Жаңа жылды қарсы алу кезінде болған отшашу оқиғаларынан екі адам қаза тауып, Амстердам орталығындағы тарихи шіркеу отқа оранды. Бұл туралы елдің полициясы мен өрт сөндірушілері хабарлады.

Отшашуға байланысты қайғылы жайттар Аалсмеер мен Неймеген қалаларында тіркелген. Сонымен бірге, жаңа жыл түні ел бойынша жүздеген адамның ұсталып, кейбір аймақтарда тәртіпті бақылауға арнайы жасақ тартылды.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, биылғы отшашулар мен әдейі өрт қою әрекеттері айтарлықтай зиян келтірген. Қоғамдық тәртіпке қарсы шабуылдар мен апатты жағдайлар туралы да айтылды.

Сақтық шарасы күшейе ме?

2025 жылдан бастап Нидерландыда жеке адамдарға отшашу сату толығымен тоқтатылады. Бұл шешім жыл сайын орын алатын жарақаттар мен материалдық шығындардың алдын алуға бағытталған.

Жергілікті дәрігерлер, полицейлер мен өрт сөндірушілер бұл тыйымды бірнеше жылдан бері талап етіп келеді. Өйткені отшашулармен байланысты жағдайларда тек мүлік емес, адам өмірі де зиян шегеді.

1872 жылы салынған шіркеу неге өртенді?

Амстердамдағы Вонделпарк маңындағы Вонделкерк шіркеуінде өрт түнгі сағат 12-ден кейін тұтанған. Бұл ғимарат нео-готикалық стильде салынған, 150 жылдан астам тарихы бар мәдени нысан болып саналатын.

Өрт себептері әлі нақтыланбады, бірақ мамандар тексеріс жүргізіп жатыр. Әзірге оқиғаға қатысты ресми түсініктеме берілмеген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика