Астанада боран, Шымкентте жаңбыр: қаңтардың басында ауа райы қандай болады?

Фото: pexels.com

Ауа райын болжау орталығы қаңтардың алғашқы күндеріне арналған алдағы күндердің ауа райы мәліметтерін жариялады. Ел бойынша ауа-райы құбылып, кей өңірлерде боран соғып, кей аймақтарда жаңбыр жаумақ.

Бұл мәліметтер жолдағы жүргізушілер мен күнін далада өткізетін тұрғындар үшін аса маңызды.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астанада боран соғып, көктайғақ болады

1 қаңтарда Астанада бұлтты күн күтіледі. Түнде қар жауып, төменнен соғатын боран болуы ықтимал. Жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Батыстан соғатын жел түнде оңтүстіктен соғатын желге ауысып, екпіні 15–20 м/с-ке дейін жетеді. Температура түнде -13…-15°C, күндіз -5…-7°C болады.

2 қаңтар күні Астанада жауын-шашын күтілмейді, бірақ суық сақталады. Түнде -14…-16°C, күндіз -4…-6°C.

3 қаңтарда күндіз аралас жауын-шашын (қар мен жаңбыр) жауады, көктайғақ пен ақтүтек боран болады. Желдің жылдамдығы 20 м/с-ке дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы -11…-13°C, күндіз -3…-5°C.

Алматы мен Шымкентте тұман түсіп, жаңбыр жауады

Алматыда 1 қаңтарда түнде жауын жауады, күндіз аздаған жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанған. Көлік иелері үшін ескерту: уақытша тұман түсіп, көктайғақ болады. Температура түнде және күндіз 0…+2°C.

2 қаңтар — жауын-шашынсыз. Түнде -2°C дейін салқындайды, күндіз ауа +5°C дейін жылынады.

3 қаңтарда күн ашық болады, түнде -1…+1°C, күндіз +5…+7°C.

Шымкентте 1 қаңтарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Тұман түсіп, температура түнде -2°C дейін төмендейді, ал күндіз ауа райы +5…+7°C шамасында болады.

2 қаңтарда жауын-шашынсыз болады, бірақ түнгі және таңғы уақытта тұман сақталады. Түнде 0…-2°C, күндіз +7…+9°C.

3 қаңтарда күндіз жауын жауады, тұман түсуі мүмкін. Жел екпіні 20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнгі ауа температурасы +3…+5°C, күндіз +8…+10°C дейін көтеріледі.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика