Астана тұрғыны адам сенгісіз әрекетке барған

Фото: видеодан скрин

Астанада қоғамдық көлік аялдамасын қасақана бүлдірген азамат полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде қолға түсті, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

Оқиға Астана қаласындағы Кенесары көшесінде кешкі уақытта болған. Белгісіз ер адам автобус аялдамасының шыны павильонын сындырып, оқиға орнынан ізін суытқан. Алайда құқық бұзушы ұзаққа бармай, полицейлер тарапынан тез арада анықталып, ұсталды. Тексеру барысында оның 33 жастағы елорда тұрғыны екені және масаң күйде аялдама құрылымын «беріктігін тексеру» мақсатында зақымдағаны белгілі болды. Аталған әрекетіне байланысты оған бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.

Полиция өкілдері қала мүлкіне ұқыпты қарауға шақырып, мұндай әрекеттердің тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, шаһардың келбетіне нұқсан тигізетінін ескертті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кез келген құқық бұзушылық пен келтірілген зиян міндетті түрде жауапсыз қалмайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика